Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ыстықтан 1100 адам өлді

Ыстықтан 1100 адам өлді

Жолдасбек Дуанабай
889
Ыстықтан 1100 адам өлді Үндістанда күннің қатты ысуы салдарынан қаза тапқандардың саны 1100-ден асты. Кей аудандарда ауа температурасы 50-ге жақындады.

Қаза болғандардың басым бөлігі Телангана, Андхра-Прадеш оңтүстік штаттарында орын алуда, өткен аптадан бері олардың саны 1118-ге жетті. Елдің шығысындағы Батыс Бенгалия және Орисседе 24 адам көз жұмды. Синоптиктер таяу күндері кей аудандарда температура төмендейді деп күтуде. Үндістандық билік азаматтарды абай болуға, үй-жайларынан сыртқа  шықпауға шақыруда, деп жазады Би-Би-Си. 


ҚазАқпарат