Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бақытты неке бұзылуға бейім

Бақытты неке бұзылуға бейім

Жолдасбек Дуанабай
877
Бақытты неке бұзылуға бейім Италия зерттеушілері шынайы махаббатпен бас қосқан жұптардың некелерінің тұрақтылығына күмән келтіретін кері тұжырым жасады.

Ғалымдар бір-біріне ғашық болып қосылған бақытты неке сезімге берілгендіктен, дағдарысқа бейім болып, жиі ажырасуға алып келетінін нақтылады.
Зерттеу авторлары бір-біріне бауыр басып, ыстық сезіммен қосылған бақытты отбасында сыйластықпен бір-біріне үйренісіп кеткен отбасыға қарағанда, ұрыс-керіс жиі орын алады деген қорытындыға келді. Бақытты некедегі ерлі-зайыптылар өздерін лайықты бағаланбай жүргендей сезініп, сүйіктісінің әр әрекетін, сөзін көңіліне алып, уайым-қайғыға түседі, деп санайды мамандар. Нәтижесінде түсінбестік орын алып, бір-бірінің жанын жаралап, ақыр соңы ажырасуға алып келеді.
Бұл қарама-қарсы тұжырым 2000 жұпқа сауалнама жүргізу нәтижесінде расталды. Бір-бірін сүйіп қосылған отбасы жиі ұрыс-керіске бой алдырып, кешіріммен қарағысы келмейді. Ажырасқаннан кейін де бір-бірін ұмыта алмайтынына қарамастан, мұндай бақытты неке бұзылуға бейім келеді.


ҚазАқпарат