Негізгі бет  /  мақалалар  /  Диодты шамдар шығарылатын болады

Диодты шамдар шығарылатын болады

Жолдасбек Дуанабай
1177
Диодты шамдар шығарылатын болады Қызылорда облысында алғаш рет Жалағаш ауданында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жарық диодты шамдар шығаратын жаңа өндіріс кәсіпорны ашылады.

«Қазэнергия үнемдеу» серік­тес­тігінің қолдауымен іске қосылғалы жатқан зауыт жылына 31,2 мың дана жарық диодты шам шығармақшы. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаның құны 98,3 млн теңгені құрайды. Кә­сі­­порын үшін аудандық индуст­риял­ды аймақтан жер телімі бөлінді. Бү­гінде өндіріс ошағының құрылысы аяқ­талып, ішкі-сыртқы әрлеу жұ­мыс­­тары жүріп жатыр. Кәсіпорын ре­­сейлік жабдықпен жарақтан­ды­ры­латын болады. 
Өңірде қолға алынып отырған жа­рық диодты шамдар жасау жобасы қа­з­іргі нарық жағдайында өте өзекті. Аталған кәсіпорынның өнімі қуат кө­зін үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Зауыт өнімін барлық тұрғын үй, ны­сандарға, ғимараттар мен дала жарықтарына пайдалануға болады. 
Жаңа кәсіпорын биылғы жылдың екін­ші жартыжылдығында толық пай­даланылуға беріледі деп жос­пар­ланып отыр. Өндірістің іске қо­сылуы­­ның арқасында 30 адам жұмыс ор­нымен қамтылмақ. 

Нұрбек Сағатұлы