Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сертификат неге жоқ?

Сертификат неге жоқ?

Жолдасбек Дуанабай
1166
Сертификат неге  жоқ? Қазақстанға импортталатын жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 80 пайызы контрафактілік өнімдер әрі сапасы төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева айтты.

«Біздің барлығымыз импортқа үйреніп алдық. Әрине, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тұтынушылардың импортталатын өнімнің 80 пайызында сертификат жоқ екендігінде, әкелінетін өнімдердің сапасына мемлекет тарапынан тиісінше бақылаудың жоқ екендігінде  шаруасы жоқ. Олардың қатарында контрафактілік өнімдер де бар», - деді ол ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Оның атап өтуінше, отандық жеңіл өнеркәсіп өте ауыр жағдайда қайта қалпына келтіруде. Оған нақты статистикалық деректер де дәлел. Мәселен, бүгінгі таңда импорт экспорттан 12 есеге асып түсіп, 2,2 млрд. долларды құрап отыр.
«Біздің еліміз өте бай. Біз жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін зор мүмкіндікке иеміз. Ол өз кезегінде еліміздің барлық экономикасын, көліктік жүйесін дамытуға ықпал етеді. Сондықтан да біздер үшін Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған барлық шаралардың орындалуы аса маңызды», - деді Д.Назарбаева.