Басты  /  мақалалар  /  Несиеден неге қорықпаймыз?

Несиеден неге қорықпаймыз?

Жолдасбек Дуанабай
997
Несиеден неге қорықпаймыз? Наурыз айында Алматы халқының тұтынушылық несие көлемі 942,5 млрд теңгені құрады. Бұл елдегі жалпы қарыздың шамамен 37,7%-ы. Бір ғана наурыз айының ішінде қазақстандықтар 2,5 трлн теңге мөлшерінде тұтынушылық несие алған.

Ranking.kz сарапшылары халықтың тұтынушылық несие алу көрсеткіші бойынша талдау дайындады.  «Бір жыл ішінде ( 2015-2014 наурыз) нарық бар болғаны 7%-ға өсті. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2014 және 2013 жылдары нарық сәйкесінше 48 және 45%-дан қосып отырған», - делінген талдау материалында. 
«Тұтынушылық несие алу деңгейі қолайлы аймақта қалып отыр. Наурыз айында бір жалдамалы жұмысшының банк алдындағы тұтынушылық несие бойынша қарыз көлемі 3,4 айлық жалақыны - 407 мың теңгені құрады. Қолайлы несие алу аймағы - бір қызметкер үшін 5 орташа айлық еңбекақыға дейін. 
Тұтынушылық несиені ең көп алатын еліміздегі жалғыз өңір Алматы қаласы болып отыр. Оңтүстік шаһарда бір жұмысшының тұтынушылық қарызы шамамен 1,2 млн теңгені құрайды екен», - делінген есепте.


BNews.kz