Негізгі бет  /  мақалалар  /  16 жастағы жасөспірім қаза тапты

16 жастағы жасөспірім қаза тапты

Айхан ШӘРІП
854
16 жастағы жасөспірім қаза тапты Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты.

"Сәтбаев қаласында төбелестің салдарынан 16 жастағы азаматтың қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаза болған ер адамның денесінде пышақ іздері табылды.

Сәтбаев қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушіге сөзге келіспеушілік барысында пышақпен дене жарақаттарын келтірген 15 жастағы жасөспірімді ұстады. "Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер.

Tengrinews.kz