Басты  /  мақалалар  /  «Астана арландары» Куба құрамасымен кездеседі

«Астана арландары» Куба құрамасымен кездеседі

Айхан ШӘРІП
1051
«Астана арландары» Куба құрамасымен кездеседі Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында «Астана арландары» Ресейден келген «Russian Boxing Team» командасын 9:1 есебімен ойсырата ұтып, финалға жолдама алды.

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында «Астана арландары» Ресейден келген «Russian Boxing Team» командасын 9:1 есебімен ойсырата ұтып, финалға жолдама алды.

Бұрындары жартылай финал екі мемлекетте өтетін. Жаңа ереже бойынша топтық кезеңде бірінші орын алған команда өз жерінде қабылдайтын болған. Сондықтан 10 салмақтың бәсекесі де Астанада өтті.

Ресей командасының биылғы жылы бұл жобадан негізгі жоспарлары көбірек лицензия алу еді. Ол мақсаттары орындалды. Үш боксшысы Рио-де Жанейроға баратын билетті қалталарына басты. Ширек финалда Италия командасын 9:1 есебімен жеңіп, жартылай финалдың мәселесін шешіп тастады.

Ал финалға аса бір құлшыныстары болмаған тәрізді. Өйткені, жоғарыда айтқандары негізгі жоспарды орындады. Сондықтан қарсыластары «Астана арландары» болғандықтан Қазақстанға 3-4 құрамның боксшыларын әкелген.

Бірінші жарыс күнінде “арландар” қарсыластарын 5:0 есебімен жеңгенін хабарлағанбыз. Екінші күнгі бәсекелерде қазақстандық команда 4:1 есебімен жеңіске жетті. 81 келідегі Нұрдәулет Жармановтан өзгелері қарсыластарынан басым түсті.

«Астана арландары” Бүкіләлемдік бокс сериясының финалына екінші мәрте жолдама алып отыр. 2013 жылы біздің команда “Украина атамандарын” жеңіп, чемпион атанған. Ал биылғы финалдық сында “Астана арландары” “Куба қабыландарымен” жұдырықтасады. Кубалықтар жартылай финалда Мексиканы 10:0 есебімен жеңіп кетті.

BAQ.KZ