Басты  /  мақалалар  /  Астанада сириялық оппозиция келіссөздері басталды

Астанада сириялық оппозиция келіссөздері басталды

Айхан ШӘРІП
1071
Астанада сириялық оппозиция келіссөздері басталды Бүгін Астанада сириялық оппозиция өкілдерінің келіссөздері басталды. Жиын 27 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін Астанада сириялық оппозиция өкілдерінің келіссөздері басталды. Жиын 27 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүкіл әлем Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларды алаңдаушылықпен бақылап отыр. Сириядағы жағдай әлемдегі ең ауыр дағдарыстың біріне айналып, өңірлік мәселелердің шегінен шықты. Бұл елдегі жағдайды реттеу үшін күштерді шоғырландыру қажет екені айқын.

Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен Сирияның ішінде және сыртында қолданылатын диалог пен ымыраласу жолдары арқылы елдегі зорлық пен қантөгісті жедел тоқтату мақсатында ауыр гуманитарлық апатты еңсеру және Сирия саяси болашағын айқындауға бағытталған әрекеттерін қолдайды.

Осыған дейін Сирияның оппозициялық күштер тобы Қазақстанға Сириядағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша келіссөздерде делдалдық ету туралы өтінішін білдіргені белгілі.

 Осы елдегі аса ауыр гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ішкі сириялық шиеленістің тек бейбіт жолмен және сириялықтар өздері ғана шешуі қажет деген бағдарын берік ұстанып, Қазақстан Сирия оппозициялық күштер өкілдерінің диалогы үшін алаң ұсыну шешімін қабылдады және келіссөздердің сәтті өтуі үшін қажетті жағдай жасады.

Сонымен бірге, Қазақстан сириялықтар арасындағы келіссөздер Сириядағы шиеленісті реттеу жөніндегі Женева үдерісі шеңберінде одан әрі жалғасатынына және нәтижелі аяқталатынына үміттеніп, алдағы Астанадағы консультациялар Женевадағы келіссөздердің сәтті өтуіне қосымша демеу береді деп ниеттеніп отыр.

Келіссөздер жабық есіктер форматында өтеді. Олардың нәтижесі бойынша қатысушылардың баспасөз мәслихаты өтеді. Нақты орны мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.

BNews.kz