Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ауылдан шыққан албасты

Ауылдан шыққан албасты

Айхан ШӘРІП
919
Ауылдан шыққан албасты Жамбыл облысы Меркі ауданында бала өлтірді деген күдікпен 55 жастағы ер адам ұсталды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 17 мамырда сағат 00.45-те әйел адам хабарласып, төрт жасар баласының жоғалып кеткенін айтқан.

Оның айтуынша, 16 мамырда бала көшеде ойнап жүріп жоғалып кеткен. 17 мамыр күні таңда полицейлер үйіне жақын маңнан баланың денесін тапты. Бала өлімі бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер күдіктінің Қырғызстанда осыған дейін де сотты болғанын анықтады.