Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлемдік додадан жүлдесіз оралдық

Әлемдік додадан жүлдесіз оралдық

Айхан ШӘРІП
720
Әлемдік додадан жүлдесіз оралдық Ресейдің Челябі қаласында таэквондодан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста 16 жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.

Өкінішке қарай, Қазақстанның 16 өрені ел намысын қорғағанымен, олар­дың бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ. Әсіресе, біз көп­те­ген халықаралық жарыста жүлде алған Нұрсұлтан Мамаев (58 келі) пен Феруза Ергешоваға (67 келі) ерекше сенім артқан едік. Алайда қос қан­да­сы­мыз бұл жарыста жарытып өнер көрсете алмады. Өзге де таэквон­до­шыларымыздан еш қайыр болмады. 

Ерлер арасында өткен жарыстың командалық есебінде Иран құрамасы қар­сылас шыдатпады. Парсы елінің өкілдері 3 алтын және 1 күміс медальді ол­жалады. Әйелдер сайысында Оңтүстік Корея спортшыларына ешкім тең кел­меді. Олар өз елдерінің әнұранын үш мәрте шырқатты.