Негізгі бет  /  мақалалар  /  Минскіге қос спортшымыз ат танады

Минскіге қос спортшымыз ат танады

Айхан ШӘРІП
844
Минскіге қос спортшымыз ат танады Жуырда Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы әлем кубогының финалдық сайысына қатысатын спортшылардың толық тізімін жариялады.

11-14 маусым аралығында Минскіде өтетін жарысқа 62 (36 ерлер+36 әйелдер) бессайысшы қатысады. Солардың арасынан үздік нәтиже көрсеткен өрендер 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанатын Олимпиада ойындарының жолдамасына бірден иелік етеді. Беларусь елінің астанасында бақ сынаушылар арасында Қазақстанның қос спортшысы бар. Жекелеген сайыста Павел Ильяшенко өнер көрсетеді. 1990 жылы Башқұртстанда туған ол біраз уақыттан бері Қазақстанның туы астында өнер көрсетуде. 2011 жылы Ильяшенко жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанып, келесі жылы Лондон Олимпиадасына қатысты. Ғаламдық додада 5432 ұпай жиған жерлесіміз 29-орынға табан тіреді. Егер әлем кубогында Павел табысты өнер көрсететін болса, онда Бразилияға баратындар тізіміне қосылады. Сондай-ақ бұл жарыста Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко эстафеталық сайыста да бақ сынайды.