Негізгі бет  /  мақалалар  /  Пайғамбар (с.ғ.с) дәуіріндегі Құран парақтары табылды

Пайғамбар (с.ғ.с) дәуіріндегі Құран парақтары табылды

Айхан ШӘРІП
1150
Пайғамбар (с.ғ.с) дәуіріндегі Құран парақтары табылды Германия астанасы Берлиндегі Ұлттық орталық кітапханадан Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) заманында жазылған Құранның жеті парағы табылды.

Кітапхананың баспасөз хатшысы Жиенетт Ламбелдің айтуынша, бұл –  Европадағы Құран Кәрім қолжазбаларын зерттейтін Цюрих лабароториясы жүргізген «Корпус Куранисиум» атты ғылыми зерттеу жобасының ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш құндылық  606-652 жылдарда жазылған көрінеді.

Ол Мысыр астанасы Каирда өмір сүрген ғалымға мұраға қалған жәдігер екен. Германия Ұлттық кітапханасына XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 

muslim.kz