Басты  /  мақалалар  /  Жұртты дүрліктірген Джип

Жұртты дүрліктірген Джип

Айхан ШӘРІП
1092
Жұртты дүрліктірген Джип "Алматы қаласының Таугүл-1 шағын ауданында жол талғамайтын көлік балабақшаның шарбағына соғылып, арғы бетінде алаңда ойнап жүрген 9 баланы жаралады, арасындағы 5 жасар бала көз жұмды", - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, «Тойота Ленд Крузер» автокөлігінің рөлінде 46 жастағы әйел адам отырған. 

 «Сүлейменов көшесінде орналасқан №58 балабақша шарбағына көлік соғылып, салдарынан 5 жастағы бала көз жұмды, тағы бірнеше бала түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни соңы адам өліміне алып келген жол ережесін бұзу бойынша Алматы ІІД сотқа дейінгі тергеу бір реттік реестіріне тіркелді», - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі. 

 Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалуда. Жүргізуші ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынады. Оқиғаның анық-қанығы әлі нақтыланып жатыр. 

BNews.kz