Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мейрамхана адам етінен ас дайындаған

Мейрамхана адам етінен ас дайындаған

Айхан ШӘРІП
1077
Мейрамхана адам етінен ас дайындаған Нигериялық полицейлер анау-мынау емес, адам етінен ас пісірген мейрамхананы анықтапты. Бұл туралы Daily Star хабарлады.

Жергілікті қонақүйлердің біріне қарасты мейрамханаға аяқ астынан тексеріспен келген тәртіп сақшылары оның азық-түлік қоймасынан бірнеше адамның шабылған басын тапқан.

Мұнан өзге, қоғамдық тамақтану орнынан қару-жарақтың үлкен арсеналы да табылды. Ал куәгерлердің айтуынша, олар мейрамхананы жиі төңіректеп кеткен лас киімді адамдардан секем алған екен.

Мейрамханадан ас ішкен келушілердің бірі дінбасы болып шығыпты. Ол адамның етінен пісірілген тамақты жегендігін білмепті.

Тек ас бағасының тым қымбаттығына шағымданған ол бұл жан түршігерлік жәйтті естігенде ғана барып, жағасын ұстаған. Қазір осыған қатысты 10 адам тұтқындалып, халықтың зәресін ұшырған мейрамхана жабылды.

24.kz