Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өзіңе-өзің қызмет ет

Өзіңе-өзің қызмет ет

Айхан ШӘРІП
1390
Өзіңе-өзің қызмет ет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету – Connection Point секторы 2013 жылдың 13 шілдесінен бастап Қазақстанның барлық бөлімдерінде қызмет көрсетуде.

Келушілердің мемлекеттік қызметтерді өз бетімен халыққа қыз­мет көрсету орталық бөлімдерінде орналасқан компьютерлер арқылы алуларына мүмкіндіктер пайда болды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан мынадай қызметтерді алуға болады: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаржысының түсуі туралы анықтаманы алу, баланы балабақшаға кезекке қою, мекенжай анықтамасын алу, жылжымайтын мүліктің бар-жоқ­тығы туралы анықтаманы алу, сотталғандардың тізімінде бар-жоқтығы туралы анықтаманы алу, қағаз түрінде алынатын баж салымын төлеу, сондай-ақ электронды форматта неке қиюға арыз беру. «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» тұтынушының өз бетінше мемлекеттік қызмет алуды, онлайн арыз беруді мекемедегі арнайы кеңесшілердің көмегімен жүзеге асыра алады. Кеңес алу барысында тіл мәселесіне байланысты тұтынушылардың сұ­ра­нысы тікелей қарастырылады. Шаралардың барлығын мем­ле­кеттік тілде іске асыру мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер мен ком­пьютерлік базаларда сауатты түрде мемлекеттік тілде қызмет ала алады. Электронды жүйені алғаш қолданушыларға мемлекеттік тіл­де және орыс тілінде кеңес беріледі және қолдау жөнінде нұс­қаулықтарын көрсетеді.