Төреғали Төреәлі Умра қажылығында жүр
Айқын-ақпарат
3320

Өнерлі отбасының қажылықтағы суреттерін Достық Әбдусамат есімді қолданушы instagram желісіне жүктеді. «Алла Тағала қажыларымыздың умрасын қабыл етсін» - деп жазған ол. Сондай-ақ, қажылардың Меккеден кейін Мединеге табан тірегенін де жеткізген.
Алайда, әншінің өзі де, әкесі де қажылықта жүргендері туралы ешбір мәліметпен бөліспеді.
Қажылардың қатарында әнші Бейбіт Көшқалиев пен «Меломен» тобының әншісі Жігер Ауыпбаев та бар. Жігер де анасымен бірге барғанға ұқсайды. Желідегі парақшасына анасының суретін салып: «Аяулы анашым армандаған мекен»-деп жазған.
reactor.inform.kz