Негізгі бет  /  мақалалар  /  Toyota Camry 60 көлігі көрсетілді

Toyota Camry 60 көлігі көрсетілді

Айқын-ақпарат
321
Toyota Camry 60 көлігі көрсетілді Детройттағы автосалонда танымал бизнес-седанның соңғы америкалық үлгісі таныстырылды, деп жазды Kolesa.kz.

Toyota Camry көлігінің сегізінші буыны алдыңғысына қарағанда едәуір агрессивті көрінеді. Алайда, дизайны түбегейлі өзгерді деу қиын. «Камридің» көлемі ұлғайған. Енді көліктің ұзындығы 4 859 мм болады, ал биіктігі бұрынғысына қарағанда 25 мм-ге төмендепті.

АҚШ-та бұл көлік биылғы жылдың жазында сатыла бастайды. Ал Қазақстанда сатылатын көліктің еуропалық нұсқасы көпшілікке қашан көрсетілетіні белгісіз.

 

Kolesa.kz