Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ердоғанның көксегені не?

Ердоғанның көксегені не?

Айнұр Қазыкенова
383
Ердоғанның көксегені не? Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған көп ұзамай бүкіл билікті қолға алмақшы. Парламент бірінші оқылымда-ақ Конститутцияға енетін өзгерістерді қабылдады. Әңгіме мұнымен бітпейді.

Әңгіме  мұнымен  бітпейді. Әлі  де парламент Конститутциядағы  өзгерістер  мен  толықтыруларды  екі рет қарауы  керек. Содан кейін  ол бүкілхалықтық референдумға шығарылмақ. Бірінші  оқылымды  550  депутаттың  340-ы  қолдады. Егер де   референдумда  халық қолдайтын  болса,  онда  Ердоған бүкіл билікті  бір уысына жинамақ. Қалай айтсақ та, Түркия президенттік-парламенттік елден  таза  президенттік  басқарылымға  қадам  жасап  отыр. Бір  айта кететін жайт, 1923 жылы  Түркия респбулика  болып  құрылған кезден  бастап  парламенттік мемлекеттік болғаны белгілі. Тек 2007 жылғы елде  болған конститутциялық реформа кезінде  Түркия  аралас  басқарылымға  - президентік-парламенттік   басқарылымға  көшті. Осылайша президенттің  өкілеттігі кеңейтілді. Президентті бұрынғыдай  парламент тағайындамайтын  болды. Енді оның  тағдыры тікілей сайлауда  шешілмек. Ал 2010  жылы болған Конститутциялық  реформада  әскерилер  биліктен аластатылды. Өйткені Түркия  мемлекетінің алғашқы   мемлекет басшысы Мұстафа  Кемал  Ататүрік  армия  мемлекеттің қалқаны  һәм дамуының   кепілі  деп билікке жақындатқан  еді. Алайда  елде бірнеше  мәрте  болған  мемлекеттік төңкерістердің авторы осы әскерилер еді. Бұл мәселе ел  тізгінін қолға алған Ердоғанды еріксіз осы  мәселеге араласуына  алып келді. Содан  болар 2010 жылы Конститутцияға  реформа жасап,  армияның  мемелкеттік  мәселеге араласуына  тыйым салынды.  Ал енді парламент қабылдаған   Конститутциядағы  өзгерістер  жөнінде тілге  тиек етер болсақ, біріншіден - президент бұдан былай парламенттің  қарауына, талқылауына  салмай-ақ, заңдарды шығаруға  құқылы, екіншіден  - вице-президентті, министрлерді және өзге де ресми  жоғарғы лауазым иелерін тағайындауға  құқылы, үшіншіден 15 адамнан  тұратын  Конститутциялық сот мүшелерінің 12-н тағайындауға  мүмкіндік алмақ, армия  мен  арнайы күштік құрылымдар  тікілей президентке  бағынады. Осы  секілді президенттің  өкілеттігін кеңейтетін баптар  Конститутцияда  жеткілікті. «Егер де  референдумда халық  Конститутциядағы  өзгерістерді  қолдайтын болса, Ердоған мемлекетті бір жұдырықта  ұстауға мүмкіндік алады. Бұл бір жағынан қазіргі жағдайда  Түркияны түрлі тайталас,  қақтығыстардан алып  шығу  үшін  қажет–ақ. Өйткені шұғыл  заңдарды,  шешімдерді парламент ұзақ  толғанып қарағанша  талай дүние  өзгеріп кетеді. Егер бір  адам  қарайтын  болса, онда жедел шарлар  қолдануға мүмкіндіктер  болады. Екіншіден  бүкіл биліктің  бір адамның  қолына жиналуы авторитарлық жүйеге  жол ашады. Ердоғанда баяғы Осман империясын  қайта тірілтсем  деген амбиция  басым. Бұл «алдағы уақытта Түркияны айнала көршісімен  қақтығысуына алып келуі  мүмкін» деседі  көптеген сарапшылар. Кім қалай  десе де, Түркия президенттік  басқарылымға қадам жасады. Алдағы уақытта жағдай  қалай  болмақ,  оны уақыт көрсетеді.  

 Айнұр  Қазыкенова