Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алатау баурайындағы білім ордасы

Алатау баурайындағы білім ордасы

Айқын-ақпарат
735
Алатау баурайындағы білім ордасы Талай түлектің арманына айналған қасиетті қарашаңырақ. Бұл әсем қалашық менің жүрегімнен ойып тұрып орын алды. Өз білімі мен дарынына сенетін белсенді де ізденімпаз жастардың ордасы екенін мектеп қабырғасында жүргенімде-ақ білетінмін.

Еліміздің әр қиырынан арман қуып келгендердің Қазақ ұлттық университетіне қабылдануы аспандағы айға қолы жеткенмен бірдей екенін бірі білсе,бірі білмес.Қасиетті қарашаңырақтың қоластына жиналған студенттер үшін барлық жағдай жасалған.Талай өнерлі қыранды қияға ұштырған студенттер сарайы,Әл-Фараби кітапханасы,үш жүз адамдық интернет орталығы мен студенттерге қызмет көрсету орталығы, тағысын тағылар,айта берсең толып жатыр. Бұның бәрін үлкен бір ғажайып әлем десек қателеспеспіз.

ҚазҰУ-ды басқа білім ордаларынан ерекшелеп тұратын бір керемет студенттер қалашығы. Қалашықтың өмірі әрбір студентке естен кетпес тәтті сәттерді сыйлайды.Кешқұрым қалашықтан гитарамен, домбырамен ән салған жастардың дауысын естіп, саябақтарда қол ұстасып жүрген ғашықтарды көре аласыз.

Іле Алатауының баурайында орналасқан бұл мекен ерекше көркімен көзкөрген кісіні өзіне баурап алатыны сөзсіз. Кешегі көшетті талдары саялы орманға айналған. Кәдімгі демалысты аймақтан бір мысқал да кем емес. Иран бақтай болған бұл жер ұлт перзенттерінің осындай қалашықтың іргетасы қалануына ықпал етіп, қазақ жастарына қалдырып кеткен қолтаңбалары іспеттес.Бастысы– бұл білім ордасы қазақтың небір жайсаңдарының рухы қалған киелі шаңырақ.

 ҚазҰУ – болашақ  журналистердің ұстаханасына айналған тәлім мектебі. Одан түлеп ұшқан қаншама түлек еліміздегі БАҚтың тұтқасын ұстап жүр. Сол аға буынға қарап өскен біз секілді жас журналистер сол сара жолды жалғай түсетінімізге сенемін!

Диана Кеңес,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

журналистика факультетінің 1-курс студенті.

Ғылыми жетекші:  Алма Әлиқызы Құрманбаева