Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сыйақы қызметкерлерді күйзеліске ұшыратады

Сыйақы қызметкерлерді күйзеліске ұшыратады

Айқын-ақпарат
380
Сыйақы қызметкерлерді күйзеліске ұшыратады Шығыс Англия университетінің ғалымдары сыйақылардың қызметкерлерге жаман жағынан әсер етуі мүмкін екендігін ескертеді.

Сыйақы алғысы келген қызметкерлердің өте көп жұмыс жасауы керек. Ал бұл күйзеліс тудырып, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды The Hindustan Times.

Зерттеушілер 1293 басшы мен 13657 компания қызметкеріне сараптама жасады. Олар жұмысшыларды ынталандыруға арналған сыйақылардың олардың жұмысқа деген қанағаттанушылық деңгейі мен басшылыққа деген сеніміне әсер ету көрсеткішін анықтағылары келді. Мамандар ондай төлемдердің жақсы әсер еткендігін анықтады. Бірақ, олар жұмысшылардың шамадан тыс еңбектеніп, денсаулықтарын нашарлатқанын байқады.

Ынталандыру төлемдері тек барлық қызметкер алғанда ғана тиімді болды. Егер ондай қаржыны тек бірнеше қызметкер алған болса, кері әсері байқалды.

 

 

ҚазАқпарат