Партия бағдарламасымен танысты

Ең алдымен, 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы талқыланды.
Партия белсендісі Фанис Литфуллин өз сөзінде айтқандай, азаматтар жемқорлыққа бей-жай қарамауы керек.
– Біздің уақытта парақорлық әдеттегі ісі болды, азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы уәкілетті органдарға хабарлауды қажет санамайды. Адамдар өз мәселелерін осылайша шешуге үйреніп қалған, оның салдары туралы мүлде ойланбайтын, – деді Фанис Литфуллин. – Біз сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруының маңыздылығы мен өзектілігін түсінуіміз керек, бізге күш-жігерімізді біріктіру қажет. Бұл үшін әркім атсалысуы керек.
Партияның Петропавл қалалық филиалының кеңесшісі Аманкелді Сатанов бағдарламаның маңыздылығы және оның көлемін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша барлық жұмыс бағыттары егжей-тегжейлі көрсетілген.
– Бағдарламада қазіргі уақытта шешуге қажеті барлық іс-әрекеттер анықталған. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа заңнамалық деңгейде кедергілер құру қажет. Бағдарламада бұл ескерілді. Тағы бір маңызды сәт – мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет. Жемқорлық билікке деген халықтың сеніміне қатты нұқсан келтірді. Бірақ уәкілетті органдарға бұл қатерге жалғыз басымен қарсы тұру қиын, сондықтан азаматтар бұл іске белсене қатысуы тиіс. Содан кейін ғана біз нәтижелерін сезіне аламыз, оның ішінде халықтың арасында жемқорлыққа деген нөлдік төзімділігті қалыптастырамыз және немқұрайлы болмауды тәрбиелейміз, – деп баса айтты Аманкелді Сатанов.
Адал ШАБЫТ