Мақсат – несиені қайтару

Жиын барысында көтерілген басты мәселе – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында халыққа берілген несиенің қазынаға қайтарылмауына қатысты болды.
Ұлан ауданы бойынша
Қ.Қайсенов, Аблакетка, Саратовка ауылдық округтары мемлекетке 40 миллион теңгеден астам қаражат қарыз. Депутаттар аталмыш ауылдық округ әкімдеріне кезінде несие алып бүгін оны қайтаруға асықпайтын әрбір азаматпен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.
Халыққа берілген несие қазынаға қайтарылмаса ауыл шаруашылығын субсидиялауға биылғы жылы қаражаттың жетпейтіндігі де айтылды. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Азамат Қайролдинов баяндады.
Депутаттық фракция жетекшісі Александр Бережной аталмыш мәселе биылғы жылдың наурыз айында қайта қаралатындығын ескертті. Атқарушы билік органдарының басшыларына сол мезгілге дейін қайтарылмаған несие мәселесін оң шешу қажеттігін атап айтты.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ