Негізгі бет  /  мақалалар  /  Базардағы жастар тегін медицналық кеңес алды

Базардағы жастар тегін медицналық кеңес алды

Айқын-ақпарат
318
Базардағы жастар тегін медицналық кеңес алды «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы «Жастар-Отанға!» партиялық жобасы аясында «Орталық базар» саудагерлеріне тегін медициналық кеңес берді.

Іс-шара базар жастары үшін медицинаны қол жетімді етуге, көптеген жұқпалы аурулардың алдын-алуға бағытталған.
Медициналық кеңес алушы, базар саудагері Алмас есімді жігіт өз денсаулығындағы ақаулықтарды анықтауға жағдай жасаған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 
«Осы медциналық кеңес берудің арқасында, өз денсаулығым туралы біле алдым. Біз таңертең кешке дейін, базарда салқын жерде сауда жасап тұрамыз. Емханаға баруға уақыт жоқ. Осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған «Жас Отан» Жастар қанатына алғысым шексіз», - деді ол.
Іс-шараға «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының басшылығы, «Орталық базар» саудагерлері, Астана қаласының дәрігерлері қатысты.