"Арабша" киінген Мәдина Абу-Дабиде жүр
Айқын-ақпарат
2368

Қасиетті жерге кірерде әнші араб әйелдерінің киімін киіп алған. Әншінің айтуынша қара түсті бұл киім «абайя» деп аталады. Желі оқырмандары әншіні қара «жамылып» алғаны үшін сынап тастады.
“Қазақ әйелі екі нәрседе қара жамылған. Ері өлгенде, елге жаяу тигенде. Бірақ әркім өзі біледі”, “Неге біздің ұлттық киімімізді кимедің? Сен қазақсың ғой”, “Әр елдің дәстүрі бар, соған сай киіну керек”, “Мәдина әдемісің, орамал керемет жарасады. Бірақ қара емес”, – деп пікір білдірді олар.