Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстанда 2 мың әйел мен 38 бала темір торға қамалған

Қазақстанда 2 мың әйел мен 38 бала темір торға қамалған

Айқын-ақпарат
372
Қазақстанда 2 мың әйел мен 38 бала темір торға қамалған Қазақстан Республикасының аумағында екі мыңнан аса әйел темір тордың ар жағында отыр.

 ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне 2017 жылдың басындағы статистиканы жария етті. «2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде отыз мыңға жуық сотталған адам жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, отыз мыңға тарта адамның арасында 38 жасөспірім бала бар екен.

«Оның ішінде, 27 744-і - ер адам, 2 185-і - әйел адам және кәмілетке толмаған 38 жасөспірім бар», - деп хабарлап отыр ведомство.