Негізгі бет  /  мақалалар  /  Адам денесі туралы қызықты фактілер

Адам денесі туралы қызықты фактілер

Айқын-ақпарат
434
Адам денесі туралы қызықты фактілер 1. Адам жүрегін кеудеден бөліп алғанда біраз уақыт бойы соғып тұра алады, себебі жүректің өзіндік электрлі жүйесі бар.

2. Адам мұрны 50 мың түрлі иісті сезіп, есте сақтай алады.

3. Орта есеппен адам туылғаннан 70 жасқа дейін 50 кг. жуық тері жоғалтады (тері жаңарып отырады).

4. Адам сүйегінің 1 метр кубы 10 мың кг.-ға дейінгі салмақты көтере алады.

5. Адам миы өмір бойы 1 квадриллион (1 миллион миллиард) бит ақпаратты сақатай алады.

6. Адам екі айға дейін тамақтанбай жүре алады.

7. Аяғы ауыр әйелдің қандай да бір ағзасы зақымданса, ол ағзаны қалпына келтіру үшін іштегі шарана анасына өзінің бағаналық жасушаларын (стволовые клетки) жібереді.

8. Сіз 7000000000000000000000000000 (бұл 7 октиллион) атомнан тұрасыз.

9. Мидың 60 %-ын майлар құрайды.

10. Бір қадам жасау үшін 200ден астам бұлшықет қозғалысқа түседі.

 

asylsoz.kz