Негізгі бет  /  мақалалар  /  13 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

13 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
372
13 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал Бүгін жұлдыздар не дейді?

Тоқты

Бүгін сізде таңдау: бəрі болады немесе бəрінен құр қаласыз. Қойылған баға өте жоғары, қорықпаңыз, алға жылжыңыз. Бүгін сіздің сəтті күніңіз!

Торпақ

Бүгін ешкімді тыңдамай таза ауада серуендеңіз. Бүгін бір адаммен танысуыңыз мүмкін....мүмкін ол адам БОЛАШАҒЫҢЫЗ.

Егіздер

«Титаник», «Хатико» киноларын көруге келіспеңіз, бүгін көңіліңіз босайтын күн, əлемді көз жасыңызбен суландырып жіберерсіз. Одан да көңілді отырысқа барыңыз, бəрін ұмытасыз.

Шаян

Бүгін сізге түскі асқа сіз танымайтын қонақ келуі мүмкін, сол адамның сіздің көңіліңізден шыққаны соншалық, сіз ол адамнан алыстай алмай қаласыз.

Арыстан

Бүгін ештеңе жоспарламағаныңыз жөн, қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ, махаббат жағынан бəрі керемет болады, сол үшін көңіл-күйіңізді түсірмеңіз!

Бикеш

Өмірде сіздер сияқты мінсіз адамдар көп емес екеніне келісуге тура келеді. Сол себепті бар шыдамдылығыңызды жинап, кей адамдардың ұнамсыз қылықтарына шыдауға тура келеді. Қорықпаңыз, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтірмейді, сіз тек жақсы жағынан көрінесіз.

Таразы

Бүгін сіз күтпеген бір таңғажайып нəрсе болады. Сол себепті қолыңыздағы ұялы телефоныңызды тастамай, əрбір аккаунттарыңызды қарап шығуыңызға кеңес береміз.

Сарышаян

Бүгін сіз өткен аптада жасалған игі істеріңізден рахат алып, өмірдің тəттілігімен лəззаттана аласыз.

Мерген

Сізден бүгін қорқуға болады. Сіздің бүгінгі мінезіңіз - атом бомбасы сияқты. Қашанға түсінбейтін адамдарға жақсылық жасай бересіз?! Барлық адам шаршайды. Бүгін іштегі бар ашу- ызаңызды далаға шығарып алыңыз.

Тауешкі

РОМАНТИКА! РОМАНТИКА! РОМАНТИКА! Түсінген шығарсыз?! Өйткені, бүгінгі күніңіз ұмтылмастай болып өтеді сізге.

Суқұйғыш

Бүгін сіз жай ғана диванға жатып түк бітірмеуден басқа да істерді тындыруға шамаңыз келеді. Сондықтан, алға бір жоспар қойып ,оны іске асыру жолдарын ойлаңыз!

Балықтар

Сіздің жолыңызға кедергі болғысы келіп жүргендер өте көп. Бірақ, ол адамдар сол кедергіге өздері тап болатынын білмейді. Балықтарды ешкім оңайлықпен құлата алмайды!

 

 

anabol.kz