Негізгі бет  /  мақалалар  /  68 келі тартатын тасбақа өрт туғызды

68 келі тартатын тасбақа өрт туғызды

Еркін ҚАЛДАН
519
68 келі тартатын тасбақа өрт туғызды АҚШ-та үй ішінде өсірілетін алып тасбақа өзінің торында тұрақты жанып тұратын жарықты құлатып қойып, үйден өрт шыққан.

Бөлменің ішіндегі төсек те жанып, үй ішіндегі  жалын сыртқа ұласқан. Тіпті көрші үйге өрт тиіп, ол түгелдей жанып кеткен. Кейін өртелген үйді бағалаған сарапшылар оның құны 150 мың доллар тұратынын анықтаған.

Ал тасбақаның бірнеше жері ғана күйген. Қазір мамандар жылу лампасынан қалай өрт шықты, оның себебін анықтау үстінде.