Негізгі бет  /  мақалалар  /  Обаманың иті қабаған екен

Обаманың иті қабаған екен

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
399
Обаманың иті қабаған екен Қызметтен кетіп бара жатқан Барак Обаманың иті қабаған болып шықты.

Ақ үйге келген таныстарының қызының бетін тістеп алған екі ит те өте сүйкімді. Португалдық асылтұқымды иттердің аты - Бо  және  Санни. Ол Ақ үйде Обаманың отбасымен бірге президенттік қызмет басталғалы бері өмір сүріп келеді. 
Ал оқиғаға оралсақ, 18 жастағы қыз екі итті еркелетпек болғанда, ол оқыстан оның бетін тістеп алған. Жарақат алған қыздың бетін дәрігерлер тігіп, таңуға тура келген.  


Жалпы бұл бірінші рет орын алып отырған тосын оқиға емес. Бұрын да осындай жағдай болған. Америкалық басылымдарда Барак Обама отбасының екі иті Бо  және  Санни туралы талай рет мақала жазылып, суреттері басылған. 
Оған қызыққан кейбір азаматтар екі итті ұрлап әкетпекші де болған. Ал ұрыларды  Ақ үйдің күзетшілері ұстап алғаны белгілі.