Негізгі бет  /  мақалалар  /  Партия мүшелерінің саны өсті

Партия мүшелерінің саны өсті

Айқын-ақпарат
464
Партия мүшелерінің саны өсті Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалында 12 бастауыш партия ұйымы белсенді жұмыс жасайды.

Бастауыш партия ұйымдарынан құрылған 79 партиялық топ пен  2399 партия мүшесі бар. 2016 жылы партия қатарына жаңадан 565 адам қабылданған. Партиялық жарнаның өткен жылы 4 754 676 теңгесі төленіп, көрсеткіш 100,3 пайыз орындалған. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахипов партияның облыстық филиалында өткен жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының отырысында мәлімдеді.

Біріккен отырыста партияның Мұнайлы аудандық филиалында жүр­гізілген шаралар туралы есебі тың­далып, биылғы жылға жоспарланған жұмыстары талқыланды. Өткен жылы Мұнайлы аудандық филиалындағы партиялық бақылау комиссиясы – 5, жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөнін­дегі қоғамдық кеңес – 4 отырыс өт­кізген. Бұл отырыстарда партиялық шаралардың тиімділігін арттыруға көңіл аударылды. 
– Филиалда 2016 жылы 293 қоғам­дық қабылдау өткізіліп, 681 адам қа­былдауда болды. Оның ішінде 44 өті­ніш оң шешімін тапты, 7 өтінішке де­меушілер арқылы қаржылай көмек көрсетілді. Тұрғындардың 579 өтініші бойынша заңнамалық кеңестер бе­рілді, 51 өтініш шешімін тапқан жоқ, – деді комиссия төрағасы Табылды Әміров.
Мұнайлы аудандық филиалының жанынан құрылған сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қо­ғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясы жол, тұрғын үй, тағы басқа құрылыс нысандарының са­пасын, бөлінген қаражаттың игерілуін бақылауға алған. Барлық БПҰ-ларда дөңгелек үстелдер, кездесулер өткі­зіліп, партия мүшелерінің басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен танысқан. 
– 2016 жылдың екінші жартыжыл­дығында «Саясат» БПҰ-на қарасты партия мүшесі, Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына және сол бөлімнің бас маманына «Саясат» БПҰ төрағасы тарапынан ауызша ескертулер берілді. Сонымен қатар Маңғыстау ауылында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 24 пәтерлі 12 үйдің құрылысына 3 млрд 374 млн 437 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазір құрылыс жұмыстары 72 пайызға орындалды. 2017 жылдың шілде айын­да құрылысты толық аяқтап, мемлекеттік қабылдаудан өткізу жос­парланған, – дейді «Нұр Отан» пар­тиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахипов.
Қ.Сахиповтың айтуынша, әлеу­меттік осал топтар бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімі ай сайын аудан әкімдігінің сайтында жарияланып, тұрғындардың өздері тексере алады. Партияның Мұнайлы аудандық филиалы басқа салалар бойын­ша жемқорлыққа қарсы шара­ларды жетілдіруде.
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы