Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ардагерлер ардақталды

Ардагерлер ардақталды

Айқын-ақпарат
351
Ардагерлер ардақталды Ақмола облысында «Нұр Отан» партиясы Зеренді аудандық филиалының белсенділері «Сұңқар» демалыс орнында партия ардагерлеріне арнап кездесу ұйымдастырып, оларды табиғат аясына алып шықты.

Кездесу барысында партия арда­герлері ұлықталып, спортпен шұғыл­данып, хауызға түсіп, демалыстарын белсенді өткізуге мүмкіндік алды. 
Аталған іс-шара партияның «Ар­да­гер­лерді ардақтайық» атты жобасы аясында өтіп, оған аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Әлия Таласпаева, аудандық ішкі сая­сат бөлімінің жетекшісі Клара Са­ғындықова мен денсаулық сақтау саласының ардагері Тілекен Тілеубаев қатысып, зейнет жасына шықса да қоғамдық жұмыстан шет қалмай, партия өміріне белсенді ат салысып жүрген ардагерлерді құттықтай ке­ліпті. 
Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік, тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұр­паққа игілік пен ізгіліктің, пайым-па­расаттың үлгісін танытқан ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдас­ты­рушыларға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. 
Ардагерлер болса өз кезегінде зер­делі Зеренді жеріндегі демалыс орын­дарының бірінде осындай демалыс ұйымдастырып, мереке мен шаттыққа бөлегендері үшін ризашылықтары мен алғыстарын білдірді. 

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ