Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ақтөбеде алғашқы «Буккросинг» өтті

Ақтөбеде алғашқы «Буккросинг» өтті

Айқын-ақпарат
362
Ақтөбеде алғашқы «Буккросинг» өтті Ақтөбе облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының бастамасымен Ақтөбедегі С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Буккросинг» ұйымдастырылды.

2001 жылы мұхиттың арғы бетінде пайда болған бұл акция 2005 жылы біздің елімізге келген болатын. Алайда соңғы уақытта кенжелеп қалған игі істі, ақтөбелік жасотандықтар жан­дандырды.
Шара басында сөз алған «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин: «Кезінде дана Абай атамыз: «Талап қыл артық білуге, Артық білім кітапта» деп бекер айтпаған. Ғылым мен білім ғаламторға көшкен ХІ ғасырдың өзінде де кітап өз құндылығын әлі жойған емес. Сол себепті, қазақ жастары бәсекелестікке дайын болуы үшін кітап оқудан аян­бауы қажет» деп жастарға ақыл-кеңесін айтты. Кітап ауыстырып, жаңаша білім алу үшін келгендердің қарасы да аз болмады. Олардың ішін­де жастардың көп болуы да көз қуан­тады. Көпшілігі «Буккросинг» өтетін­дігі туралы әлеу­меттік желі арқылы біліп, естіген. Со­лардың бірі Қ.Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­ситетінің студенті Альбина Серікова: «Мен кітап оқы­ғанды қатты ұната­мын. Алайда сту­денттер үшін үнемі кітап сатып алу қалтаға қиындық тү­сіреді. Сол себепті осы акцияның өтетіндігін естігенде қуанышыма шек болмады. Алдағы уақытта осы тектес акциялар жиі өт­кізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді» деді өз әсерімен бөлісіп.

Серік САДЫР