Жасотандықтар жарап тұр

Іс-шараға «Жас Отан» ЖҚ белсенділері, білім басқармасы мен жастар саясаты басқармасының өкілдері, «Жас Ұлан», АДиМО жастар ұйымдарының өкілдері «Еріктілердің қызметі туралы» жаңа заңның талқылауына белсене қатысты.
«Біздің елімізде бүгін еріктілер қозғалысы өте қарқынды дамып келе жатыр, бұл әлеуметтік кемелденудің көрсеткіші деуге болады. Жаңа заңның қабылдауымен еріктілер ұғымы, оның мақсаттары мен міндеттері, принциптері, тетіктері мен нысандары және түрлері заңнамалық деңгейде айқындалды», деп атап өтті өз сөзінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Укина.
Жастармен әңгіме барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева қазақстандық жастардың алдында бар мүмкіндіктері туралы айтты.
«Бүгін жас ұрпақтың әрбір өкілі өз жолын өзі таңдайды – қайда оқу, қандай мамандық таңдау, немен айналысу, қандай жобаларды іске асыру – барлығы өзіңіздің қолыңызда. Осының бәрі сіздерге өздеріңізді тұлға, көшбасшы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Тек назарларыңызды білім алуға аударуға тырысыңыздар, содан кейін алдыңыздағы барлық есіктер ашылады», деді депутат.
Айта кету керек, кездесу барысында өз ұсыныстары мен пікірлерін басқа жастар ұйымдарының өкілдері де енгізді. Депутат Жұмаділдаева көтерілген мәселелерге депутаттардың назарын аударды деген уәде берді.
А.ҚҰРМЕТ