Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ресей «үлкен сегіздікке» ене ме?

Ресей «үлкен сегіздікке» ене ме?

Айқын-ақпарат
269
Ресей «үлкен сегіздікке» ене ме? Италияның Сыртқы істер министрі Анджелино Альфано алдағы уақытта Ресей «Үлкен жетілікке» енуі мүмкін деп есептейді.

Бірақ ол үшін ең алдымен Минск келісімі орындалуы керек. 
«Ұзамай «Үлкен жетілік» G – 8 форматына айналуы тиіс. Біз Ресейдің қайта оралуын күтеміз. Қазіргі уақытта бұл жайлы айту ертерек шығар. Бірақ бар мәселе Минск келісіміне тіреліп тұр», дейді Италияның Сыртқы істер министрі Анджелино Альфано. 
«Үлкен жетіліктің» саммиті мамыр айында өтеді. Бұл кездесуде Ресейге қарсы санкцияның мерзімі тағы ұзартыла ма, жоқ па, 
ол жағы да шешіледі.