Қыспақта қалған қазақ тілі
Серікбол ХАСАН
2670

Бірінші суретте, Халық банкінің банкоматы. Терминал істен шыққан. Енді мәтініне қараңыз! Үстінде орысша, астында ағылшыншасы айқайлап тұр. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі ортасында «құтқарыңдаршы» деп қыстырылып қиылып тұрғандай әсер қалдырады екен. Екi үлкен тіл сүйкенсе ортасында қазақ тілі өледінің кері. Қайран, қыспақта қалған қазақ тілі!
Екінші сурет те көңілге кірбің түсіреді екен. Алматыдағы Байтұрсынов көшесінің бойында тұрған асхана. «Бастау кафесі» деген атауының алдына бажырайтып қытайша жазып қойыпты. Қашаннан бері қытай тілі мемлекеттік тілдің алдында тұратын болған? Тіл туралы заң қайда? Бұларға тәйт дейтін жауапты мекеме бар ма өзі?