Негізгі бет  /  мақалалар  /  БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қайыржан ТӨРЕЖАН
501
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ «100 – нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтеді.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің бүгінгі өткен жиынында шілде айына дейін мемқызметкерлерді кешенді аттестациядан өткізу тәртібі туралы әңгіме болды.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қабылдау негізінде 2016 жылдан бастап мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге біліктілік талаптары күшейтілді. Білімі мен еңбек тәжірібиесінен бөлек, олар біліктілік деңгейіне талаптарымен толықтырылған. Аттестаттаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерінің нақты мемлекеттік лауазымдағы кәсіби қызметін тиімді орындау барысында қажетті кәсіби және олардың біліктілік дайындық деңгейін айқындау болып табылады.

- Алматы қаласы бойынша 4,6 мың «Б» корпусы қызметшілер арасынан аттестаттауға 2,6 мың қызметші жатады. Осыны ескере отырып, аттестациялау барысында тестілеу залында жүктеменің күшеюіне байланысты кеңейту шаралары жүргізілді. 9 қаңтардан бастап тестілеу Төле би көшесі, 155, 2 қабат, 208 кабинетінде өткізіледі. Енді бір уақытта тесттен 27 адам өтетін болады. Аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі, олардың қажетті білім дәрежесі мен дағдыларын иеленуі төрт кезеңде анықталады. Бірінші кезеңде қызметшіге бағалау парағы дайындалады. Екінші кезеңде мемқызметші жеке біліктілігін бағалайтын тестілеуден өтеді. Бұл бағалау арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Үшінші кезеңде қызметші аттестаттау комиссиясынан әңгімелесуден өтеді. Төртінші кезеңде аттестаттау комиссиясының шешімі шығады. Комиссия: атқаратын лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылату;  атқаратын лауазымына сай келеді;  атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және лауазымын төмендету; атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығару жөніндегі төрт шешімнің біреуін қабылдайды. Аттестаттау қорытындысы бойынша лауазымын жоғарылату конкурстық рәсімдерсіз жүргізіледі. Алйда ол үшін бос лауазым болу қажет және қызметші тиісті біліктілік талаптарға сәйкес болу керек. Аттестаттаудан өтпеген және комиссия шешімімен төменгі лауазымнан бас тартқан қызметші қызметінен босатылады. Дәлелді себепсіз комиссияға екі рет келмеген қызметшілер де шығаруға ұсынылады. Аттестаттау комиссиясының шешімін мемлекеттік органның басшысына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне немесе сотқа шағымдануға болады, - деп түсіндірді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова.  

Аттесттауға «Б» корпусындағы барлық қызметшілер жатпайды. Аттестациядан босатылатын тұлғалар тізімі қарастырылған. Ол әлеуметтік осал саннаттар: зейнеткерлік жасқа толуына екі жыл және одан аз уақыт қалған
зейнетке дейінгі тұлғалар; жүкті әйелдер; үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер; он төрт жасқа дейінгі балаларды (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер. Сонымен қатар «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған қызметшілер және мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалып, мемлекеттік қызмет өтілі жарты жылдан аз қызметшілер аттестаудан босатылады.

 

 

Суретті түсірген Айтжан Мұрзанов