Басты  /  мақалалар  /  Адамнан да ақылды

Адамнан да ақылды

Жолдасбек Дуанабай
1000
Адамнан да ақылды Такса деген ит бар. Қасқыр да ала алмайды, түлкі де қуа алмайды.

Бірақ осы итті ерекше жақсы көретіндер көп. Арғы тегі тереңде жатқан такса тұқымын насихаттаушылар жеме жемге келгенде оны адамнан да ақылды етіп шығарды. Шынында да ол өте сүйкімді, тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындайды. 
1. Такса осыдан  300 жыл бұрын Германияда борсық аулау мақсатында арнайы өсірілген. Оның аяғы кішкентай болғандықтан інге еркін кіріп кетеді. 
2. Әлемде қара жүні тықырлау таксалар ғана емес, одан басқа жүні 12 түрлі тұқым бар. Оның ішінде үшеуінің ғана ерекше белгісі бар. Өлшеміне қарай стандартты және шағын болып келеді. 
3. Таксалар герман императоры Вильгельма II-нің (осы тұқымның бес түрін асыраған) үйінде еркін жүретін сүйікті ит болған. Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін таксаның танымалдылығы күрт кеміді. Есесіне ол карикатураларда  пайдаланылды. 
4. Кезінде ұлтшылар бұл итке барынша назар аударғаны соншалық, оның бірін сөйлеуге үйреткен. Неміс оқымыстылары 1930-жылдары «Hundesprechschule Asra» бағдарламасы аясында арнаулы зерттеулер жүргізді. Олар таксамен телепатиялық жағдайда қарым-қатынас жасауға болатындығын дәлелдеді. 
5. Такса алғашқы олимпияда бейнесіне айналды. Вайди есімді ит 1972 жылы Мюнхенде өткен  олимпиада ойындарының символы болды. Себебі  таксалар ержүрек және жүгіруге бейім. Сондықтан бұл құрметке  әбден лайықты. 
6. Көптеген суретшілер таксаға тамсанумен келеді. Мәселен, таксаға сүйіспеншіліктен Энди Уорхол оған сұрақтарға жауап беруді үйреткен. Тұқымы текті итке қызығушылық білдірген атақты адамдар оның суретін салуды, суретін жинауды дағдыға айналдырған. 
7. Кейбіреулер «Ход-дог-ты» таксаның құрметіне арналғанын айтады.  Алғашында ұзын сосискилер такса деп аталған. Кейін ол таба нанға оралып пісірілетін болды. 
8. Ұлыбританияда такса алғаш рет клондалды. 12-жасар Винни есімді ит конкурс жеңімпазы болды. Оның тұқымын да оңтүстіккореялық ғалымдар клондау тәсілімен көбейтті. Ит иесінің айтуынша, Мини-Винни (иттің аты) өз тұқымынан аумай қалған.
Міне, борсық аулаудың шебері болған таксаның тұқымы бүгінде батыс Еуропада аңшылардың сүйікті итіне айналған.