Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мексика президенті қабырға орнатуға қарсы

Мексика президенті қабырға орнатуға қарсы

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
392
Мексика президенті қабырға орнатуға қарсы 20 қаңтарда инаугурациясы өтетін АҚШ президенті Дональд Трамп өз мәлімдемесінде «заңсыз мигранттар тасқынын тоқтату үшін Мексика шекарасын бойлай қабырға тұрғызу қажет» деп мәлімдегені белгілі.

АҚШ президентінің ойынша,  шекараға тұрғызылатын қабырғаны АҚШ емес, Мексика жағы қаржыландыруы тиіс және мексикалық құрылысшылар тұрғызады. Егер бұл талаптан олар бас тартатын болса, онда АҚШ-та жұмыс істеп жатқан мексикалықтар еліне ақша аударылымын жасай алмайды.
Бұл мәлімдемеге қатысты Мексика президенті Энрике Пенья «Біз шекара бойында қабырға тұрғызуға қарсымыз. Сонымен қатар, АҚШ-та жұмыс істейтін отандастарымыздың еркін ақша аударылымын шектеуге мүмкіндік бермейміз» деп мәлімдеді.