Негізгі бет  /  мақалалар  /  Екібасты сәби дүниеге келді (видео)

Екібасты сәби дүниеге келді (видео)

Айқын-ақпарат
382
Екібасты сәби дүниеге келді (видео) Мексиканың Чиауа штатында, Сьюдад-Хуарес өңірінде екібасты сәби дүниеге келді. Дүние есігін жаңа ашқан нәрестенің видеосын желіге оның отбасы жүктеді.

Елден ерекше болып туған бала туралы бұдан өзге ақпарат жоқ. Оның ата-анасы туралы мәлімет те құпия сақталуда. Ал дәрігерлер мутацияның себебін түсіндіре алмады.

Желіде пайда болған мына видеодан жылап жатқан екібасты сәбиді көруге болады. Мексикалық дәрігерлер дүниеге келген сәбидің не сиам егіздері не екібасты нәресте екенін ажырата алмады.

“Мұндай баланың дүниеге келуінің себебін анықтау мүмкін болмады. Ол үшін баланың ата-анасының кім екенін және қайда жұмыс істегенін, одан бөлек, жүктілік кезінде әйелдің науқасқа шалдыққан-шалдықпағанын, ата-ана атанбас бұрын генетикалық сәйкестікке тест тапсырған-тапсырмағанын анықтау қажет. Әзірге бұл сұрақтардың бірде біреуіне жауап бере алмаймыз”, — деп мәлімдеді әйелді босандырған дәрігерлер.

Жаратылысы ерекше сәби ұзақ өмір сүрмеді. Дүниеге келгеннен кейін екі күннен кейін көз жұмды.

 

stan.kz