Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қонаевтың есімі - халықтың жүрегінде

Қонаевтың есімі - халықтың жүрегінде

Айқын-ақпарат
458
Қонаевтың есімі - халықтың жүрегінде 12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.

Қазақтың біртуар азаматы, елу жыл ел басқарған, ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.  Өйткені ол қазақ үшін, Қазақстан үшін айрықша еңбек етті. Димаш ата елін сүйді. Туған жерге қызмет етті.

1991 жылы Дінмұхамед Ахметұлы туған ел деп Балқаш өңірі Бақанас ауылына көп баратын еді. Сол бір сапарында менде телекамераны алып, суретке түскен едік.

Ортада - Дінмұхамед Қонаев, Ержан Уайсов, Құрылыс Тілешов, Тілек Алдабергенов, Аман Шабдарбаев т.б. азаматтар.                                               

 

 

 

 

 

            Д.Қонаевтың соңғы сапары

 

Кешегі кеңес заманында Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев 1992 жылдың 11 қазанында Түркияда Стамбул  қаласында болды. Ол кезде шетелде акредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ журналисі Қазақ телевизиясы мен радиосының Түркиядағы тілшісі қызметінде жұмысты бастаған едім. Сондағы жергілікті  қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуін өткізуге себепкер болып, ұйымдастыруына тікелей атсалыстым. Сол ағайындармен кездесуде Димаш аға: «Енді тәуелсіз ел болдық, әрине Алланың қолдауымен, ата-жұртқа, Қазақстанға, елге қайтыңдар, бір шаңырақтың астында бірге боламыз, сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды болады», – деп тебірене сөйлеген еді.

Сол бір көріністі бейнелейтін Стамбулдағы тарихи сурет.

Менде Дінмұхамед Қонаевпен бірге болған кездерімді, сұхбат алған сәттерімді үлкен бақытқа теңеймін. Өйткені, алып жүректі азамат бүгінде елдің бағына айналған Елбасы Н.Назарбаевтай тұлғаларды тәрбиелеген ұлы Қазақ. Қонаевтың аты мәңгі өшпейді.

 

(Бұл суреттер Ержан Уайстың жеке мұрағатынан алынған, авторы өзі, баспасөзде бұрын жарияланбаған. 1-ші сурет Алматы облысы, Бақанас селосында, 2-ші сурет Стамбул қаласында қазақ диаспорасы орталығында түсірілген). 

 

 

Ержан УАЙС,

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, тележурналист, дипломат