Негізгі бет  /  мақалалар  /  Полиция азаматтардың тіркеуін қандай жағдайда тексереді?

Полиция азаматтардың тіркеуін қандай жағдайда тексереді?

Айқын-ақпарат
454
Полиция азаматтардың тіркеуін қандай жағдайда тексереді? Полиция қызметкерлері үйлерді аралап азаматтардың тіркеуі бар немесе жоқ екендігін қандай жағдайда тексеретіндігі белгілі болды.

 Мұны бүгін Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Азамат өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл учаске инспекторының жұмысы. Ол қараптан қарап сіздің үйіңізге келіп, кіре алмайды. Яғни құжаттар базасы бар. Бұл базаға барлық мемлекеттік органдар кіре алады», - деді басқарма бастығы. Сонымен қатар ол азаматтардың кез келген уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қажет болған жағдайда анықтаманы шығарып алатындығын атап өтті. «Көші-қон қызметкерлеріне қатысты айтар болсам, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің міндеті бірден барып, жазалау емес. Жазалау шаралары тіпті қозғалып та отырған жоқ. Мәселе біздің алдын алу шаралары барысында жедел тексеруді жүргізе алатындығымызда ғана», - деді Дөненбаева. Осы ретте ол азаматтардың тіркеуін тексеру қалай жүзеге асырылатындығын да айтып берді. «Ішкі істер органдарында сенім телефондары бар. Соған қоңырау түскенде тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар көршілерден шағым түскенде де тексереміз. Көршілер жиі жазбаша шағым жасап жатады. Пәтер иесі кооперативінің төрағасы да үйде кім тұратындығын анықтау үшін жүгініп жатады. Мұндай сәттер өте көп. Жалпы, қажет болған жағдайда Ішкі істер министрлігінің базасынан да сол үйде кімнің тұратындығын тексеруге болады», - деді ол.