Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ақтауда аққулар қырылып жатыр

Ақтауда аққулар қырылып жатыр

Айқын-ақпарат
380
Ақтауда аққулар қырылып жатыр Ақтауда аққулар қырылып жатыр. Каспий жағасында бірнеше құстың өлексесі табылды. Бұл осы қыста болған екінші жағдай.

Әзірге олардың неден өлгені анықталған жоқ. Экологтардың айтуынша, бір қыста әдетте 1-2 аққу өледі, ал 5 бірдей аққудың өлімі жаппай қырылу болып есептеледі. Мамандар бірнеше нұсқасын айтып отыр.

«Бұл құс тұмауы сияқты инфекциялық ауру болуы мүмкін. Бізде бірнеше жыл бұрын мұндай жаппай қырылу болған. Ресейде жүздеген құс қырылды. Себебін анықтау үшін сараптама жүргізіп, өлекселерді зерттеу керек», - дейді «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры Кирилл Осин.

 

astanatv.kz