Негізгі бет  /  мақалалар  /  Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Айқын-ақпарат
386
Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты.

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде Елеусіновтің келісімшартқа қол қойған фотосы жарияланды. Жерлесіміз жақында құрылған MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімге келген. Әзірге толық шарттың түпнұқсасы қолымызда жоқ. Сондықтан барлық талаптарын толық білмейміз.

Осының алдында Данияр Елеусіновтен бөлек, тағы бір боксшы Иван Дычконың жақын арада кәсіпқой боксқа ауысатыны туралы хабар БАҚ беттерінде жарияланған еді. Екі боксшы да Алматыдағы AIBA бокс академиясында өтіп жатқан оқу-жаттығуға қатысып жатқан жоқ.

 

baq.kz