Негізгі бет  /  мақалалар  /  12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
442
12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал  Бүгін жұлдыздар не дейді?

Тоқты

Тоқтылар ештеңе істегісі де келмейді, ештеңені қаламайды. Тек демалып жатқысы келеді. Балмұздақ, пирог, шоколад, мартини... біреуден тосын сый, конфет, сыйлық күтеді. Қыс мезгілін жылы жерден шықпай өтіп кеткенін қалайды.Ал былай басқа ештеңені қаламайды.

Торпақ

Торпақтар басқа адамдарға бақыт сыйлап, көңіл күйін көтергенімен, өздерінің мұңын ешкіммен бөліспейді. Өйткені басқа жандарға айтып, олардың көңіл-күйін түсіргісі келмейді. Торпақтар осындай!

Егіздер

Егіздердің бүгінгі көңіл -күйі: өткенге ешқашан оралмайды. Әр минут бағалы екенін түсінеді. Тарихтары ешқашан қайталанбайды. Басқа адамдар ешқашан өзгерте алмайды. Ешқашан ешкімді күтпейді. Бір орында көп тұрақтамайды. Тек қана алға, артқа қарайламайды. Керек адамдар жанында болса болды, қалған адамдарға «сау бол» дейді.

Шаян

Айтады ғой «Кездейсоқ кездесу болмайды» деп...бұл сынақ..әлде жаза...немесе тағдырдың сыйы...бірақ сіздер сынақтан өтіп қойғансыздар. Сол үшін бұл үлкен бақыт болуы мүмкін.

Арыстан

Өміріңізде орын алатын елеулі өзгерістер салдарынан өзіңіздің алған бағытыңыздан жаңылып қалу қаупі бар. Сол кезде болуы мүмкін хаостық жағдайларда эмоцияға ерік бермей, барынша сабырлы болуға және ақылмен ойлануға тырысыңыз. Жеке басыңызды әртүрлі оқиғалар мен өзгерістер күтіп тұр. Бірақ байбалам салмаңыз, сабыр сақтаңыз. Бұл сіздің алдағы жарқын өміріңізге септігін тигізетіні сөзсіз. Сіз түбегейлі өзгересіз.

Бикеш

Сіз сұлусыз.Сізге бәрі қызығады, ғашық болады. Барлық істі орнымен істеңіз... Алда бірнеше қиындықтар кездесуі мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз, ақылмен, достарыңызбен ақылдасып шешуге болады. Қиын күндер де артта қалады.

Таразы

Күніңіз жақсы басталады. Бекерге өткізбеңіз. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Осы күніңізді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындықтар болады. Сізге кейбірі қиын тиюі мүмкін. Бірақ оларды кейін тез ұмытып кетесіз. Бақытты болатын күндер әлі алда. Еш мұңаймаңыз!

Сарышаян

Сарышаяндардың өмірі қызыққа толы. Иә, рас айтамыз, жүрген жерлерінде тек күлкі менен мейірімділік қатар жүреді.Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп. Осы жолыңыздан таймаңыз.

Мерген

Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргеніңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз. Бұл күні сізге сауда жасаудың кері әсері тиюі мүмкін.

Тауешкі

Тауешкі белгісіндегілердің сүйікті адамы аяқ астынан өзгеріп шыға келуі мүмкін, әрине, бұл жағдай сіздің ішкі дүниеңізді тас-талқан етері анық. Сүйікті адамыңызбен достарыңыздың бірі қақтығысып қалуы ықтимал. Отбасылы тауешкілер балалары үшін біраз шығындалады.

Суқұйғыш

Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған әрбір ісіңіз сәтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке артық ойдан арылып, жақсылап тынығуға тырысыңыз.

Балықтар

Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыңызды қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Кешті жанұяңызға арнап, жақындарыңыздың,сүйіктілеріңіздің жанында болыңыз.

 

anabol.kz