Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ер адамды пойыз басып кетті

Ер адамды пойыз басып кетті

Айқын-ақпарат
426
Ер адамды пойыз басып кетті Медеу-Алматы аралығында ер адамды пойыз басып кетті.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Жетісу көлік прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап  хабарлайды.

Оқиға туралы хабар Алматы-1 станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 2017 жылдың 12 қаңтарында сағат 08.55-те түскен. Оқиғаның 8.15-те Медеу-Алматы аралығындағы 1676 шақырымында болғаны айтылған.

"Новосібір-Алматы-2 бағытындағы №301 жолаушылар пойызы кіру бағдаршамының маңында 40-45 жас шамасындағы, еуропалық кескінді ер адамды басып кетті, машинист пойызды шұғыл тоқтатқан, ер адам оқиға орнында қаза тапты, оның аты-жөні анықталып жатыр", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Осы себепті пойыз 25 минутқа кешіккен. Тергеу жүргізіліп жатыр.