Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шымкентте спартакиада ұйымдастырылды

Шымкентте спартакиада ұйымдастырылды

Айқын-ақпарат
411
Шымкентте спартакиада ұйымдастырылды «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 жобасын қолдау бойынша студент жастар арасында «Біз - Қазақстанның болашағымыз!» атты спартакиада өтті.

«Сайрам» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бахтияр Юсупов спартакиада қатысушыларына студенттік спорт тарихы туралы айтып өтті. - Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету. 2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы. Ол қазақ даласындағы мықты, еркіндік сүйгіш, жылдамдық пен энергияның және жеңіске жетудегі зор талаптың белгісі, - деді ол. Спартакиада спорттың 4 түрінен өтті. Жарысқа №10 Сайрам колледжінің, Шымкент аграрлық техникалық колледжінің, Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық экономикалық қаржы колледжінің студенттері қатысты. Өткізілген жарыс нәтижесінде №10 Сайрам колледжінің студенттері 1-ші орынды иеленді. Жеңімпаз команда капитаны Ихтиер Абдувахабов әділ қазылар алқасына алғыс білдірді. - Бүгінгі спартакиадаға қатысушы жастарға алдағы уақытта сәттіліктер тілеймін және 28 қаңтар - 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада қатысушыларына қолдау көрсетуге барлық азаматтарды шақырамын, - деді ол.

 

nurotan.kz