Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ақтөбе облысында шалғай ауыл тұрғындарына көшпелі қабылдаулар өткізілуде

Ақтөбе облысында шалғай ауыл тұрғындарына көшпелі қабылдаулар өткізілуде

Айқын-ақпарат
972
Ақтөбе облысында шалғай ауыл тұрғындарына көшпелі қабылдаулар өткізілуде «Нұр Отан» партиясының Қарғалы аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес аудан әкімінің орынбасары Ерлан Блиев Степное ауылында көшпелі қабылдау өткізді.

Қабылдауға алғашқы болып ауылдық клубтың меңгерушісі Байқоңыр Қожамжаров келді. Ол ауылда мешіт салуды және клуб қызметкерлері үшін қосымша штат бөлуді өтінді. - 1998 жылдан бері жөндеу көрмеген ауыл клубына жөндеу жүргізілсе, - деді ол. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Блиев 1 100 тұрғыны бар ауылға мешіт салу қажеттілігіне зерттеу жүргізетінін жеткізді. Сондай-ақ, биыл клубты жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлінгенін айтты. Аудандық мәдениет бөлімі басшысымен хабарласып, штат мәселесін шешетінін мәлімдеді. Ал, Айтбаева Күмісханым есімді ауыл тұрғыны қоғамдық қабылдауға жұмыс сұрап келді. Айтуынша, былтырдан бері «ҚазПошта» бөлімшесінде толық емес жұмыс уақыты бойынша жұмыс істейді екен. Ал, жүргізуші қызметіндегі жолдасының жалақысы да мардымсыз екен. Отбасындағы 3 баланы асырауға қаржы жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Аудан әкімінің орынбасары мәселенің шешілуін бақылауға алатынын айтты. Айта кетейік, көшпелі қоғамдық қабылдау Қайрақты ауылында жалғасты.

 

nurotan.kz