Негізгі бет  /  мақалалар  /  Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Бюро Кеңесінің отырысы өтті

Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Бюро Кеңесінің отырысы өтті

Айқын-ақпарат
1155
Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Бюро Кеңесінің отырысы өтті Облыс орталығында Ақмола облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагиннің қатысуымен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

 Отырысқа мемлекеттік орган өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары мен партияның облыстық филиалының жауапты қызметкерлері қатысты. Саяси кеңес бюро барысында депутаттық фракцияның 2016 жылда атқарған жұмыстарына қорытынды жасап, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов баяндама жасап, депутаттық корпусының жыл бойы атқарған жұмыстарын ерекше атап өтті. 2016 жылы партияның қоғамдық қабылдауларында депутаттар 240 өтінішті қарап, олардың 147-сі оң шешімін тапқан. Партияның депутаттық фракция мүшелері бүгінде партияның түрлі органдары мен құрылымдарына жетекшілік етеді. Бұл өз кезегінде партиялық тәртіп пен өз жұмыстарына деген жауапкершілікті арттыра түседі,- деп атап өтті Ғалым Бекмағамбетов. Сонымен қатар, өткен есептік кезең ішінде облыстық мәслихаттындағы депутаттық фракция мүшелері 18 мың адамды қамтыған 426 кездесу өткізген. Ал, партияның 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Жол картасы бағдарламасының» бірінші кезеңін жүзеге асыру іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу бойынша партияның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы бойынша, облыстық филиалдың партиялық бақылау бойынша инспекторының міндетін атқарушы Еркін Әбішев таныстырып өтті. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Саяси Кеңес бюросының отырысын қорытындылай келе, партияластар алдында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру міндетін жүктеді. Күн тәртібіне қойылған барлық сұрақтар бойынша «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси бюро кеңесінің бірауыздан қаулысы қабылданды.

 

nurotan.kz