Негізгі бет  /  мақалалар  /  Петропавл жастары ЭКСПО-2017 көрмесіне баруға дайындалуда

Петропавл жастары ЭКСПО-2017 көрмесіне баруға дайындалуда

Айқын-ақпарат
1034
Петропавл жастары ЭКСПО-2017 көрмесіне баруға дайындалуда

Петропавлда «ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздіктің жаңа сатысы» тақырыбында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқушыларымен кездесу өткізілді. Жастарға ЭКСПО-2017 болашақ көрмесі туралы және көрмеге қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысынан еріктілердің дайындық барысы туралы сөз қозғалды. Қатысушылар алдында «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлімшесінің жетекшісі Абылайхан Қайроллаев сөз сөйледі. Ол дүниежүзілік көрмелердің тарихы, өткен жылдардың ең ірі және маңызды көрмелері, сондай-ақ Қазақстанның экономикасы үшін ЭКСПО-2017 пайдасы туралы айтты. - ЭКСПО бірнеше апта емес, ол бірнеше ай өтеді. Бұл жағдайда – 93 күн, - деп атап өтті Абылайхан Қайроллаев, - Бұл – басқа да ірі халықаралық іс-шараларынан ЭКСПО-ның негізгі айырмашылығы: футболдан әлем чемпионаты немесе «Формула-1» жарысы. Көрме индустрияландырудың, техникалық және технологиялық жетістіктерін көрсететінің, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың нышаны болып табылады. Ол әлемдік экономикасына Қазақстанның интеграциясы жәрдемдесуі тиіс. Еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар, экономикасына инвестициялар алу мүмкіндігі пайда болады.   Іс-шараға ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017 еріктілерінің үйлестірушісі Дарина Башенова қатысты. Ол еріктілерді іріктеу тәртібі туралы айтты. Мысалға, көрме барысында Қазақстанның түпкір-түпкірінен еріктілердің 3 ауысымы жұмыс істейді, әр ауысымда 1500 адам. Солтүстік Қазақстан облысынан Дүниежүзілік көрмесіне 100 ерікті қатыса алады.

nurotan.kz