Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік сыйлады

Тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік сыйлады

Айқын-ақпарат
344
Тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік сыйлады  Биыл «Нұр Отан» партиясы Жітіқара аудандық филиалының бастамасы бойынша «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Алмат Ыдырысов Жітіқара балалар үйінде тұратын бүлдіршіндер үшін тегін сырғанау ұйымдастырды.

 Сондай-ақ, 5 аз қамтылған отбасы балаларына да осындай мүмкіндікті сыйлады. Партия мүшесі, жеке кәсіпкер Алмат Ыдырысов 5 жыл бойы қысқы кезеңде Жітіқара тұрғындары үшін өз кәсіпорын аумағында мұз айдының ашқан. Мұз айдыны тұрақты негізде жұмыс істейді, бір сағат сырғанауы - 300 теңге тұрады, конькилерді жалға беру ұйымдастырылған. Сонымен қатар, бұл жерде жылы киім ауыстыру бөлмесі және асхана жұмыс істейді, онда кез-келген азамат қысқы аяздан жылынып, демалуға мүмкіндігі бар. - Біз балалармен кез-келген кезде мұз айдыңына келіп, 2 сағат ішінде тек коньки теуіп ғана емес, «Мадагаскар» ойын-сауық орталығының барлық аттракциондарын пайдалана аламыз, - деді жетімдер үйінің тәрбиешісі Лина Кищук. Айта кету керек, «Мадагаскар» спорт залында жітіқаралықтар 80 жасөсіпірім күреспен және бокспен тегін айналысады.

  Қазіргі уақытта осында жаттығатын балалар Республикалық бокс чемпионатында аудан намысын қорғауда. Жаттықтырушылардың ақысын төлеу, әртүрлі жарыстарға қатысу бойынша барлық қаржылық шығындарды кәсіпкер Алмат Ыдырысов өз мойынына алған.


nurotan.kz